Біздің мектебімізде Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай республикалық «Әскердегі сарбазға хат» атты жастар челленджі өтті.
Оқушыларымыз қазіргі әскерде қызмет етіп жүрген сарбаздарға жүрекжарды тілектерін, алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін хат арқылы жеткізді.
Бұл шара патриоттық сезімді арттырып, Отан қорғаушыларға деген құрмет пен ризашылықты қалыптастыруға бағытталды.
Жастардың елге, әскерге деген сүйіспеншілігі хаттарынан анық көрінді.
#ӘскердегіСарбазғаХат #ҰОС80жыл #ПатриоттықТәрбие #Ильичевскаямектебі